06.04.2022 _ 11:40

282 колледжге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 343 компаниямен келісім жасалды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде колледждерді ірі бизнеске шефтік қамқорлыққа беру практикасы енгізілді. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
282 колледжге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 343 компаниямен келісім жасалды

Облыс әкімдіктері «Атамекен» ӨКП өкілдерімен бірлесіп, колледждерді қамқорлыққа алуға ниет білдірген ірі кәсіпорындардың тізбесін айқындады.  

«Қазіргі уақытта 282 колледжге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 343 компаниямен келісімдерге қол қойылды. Алдағы уақытта аталған кәсіпорындар колледждердің қамқоршылық кеңесінің құрамына енеді. Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, студенттердің практикадан, педагогтердің тағылымдамадан өтуіне қолдау көрсетеді», - деді спикер.  


Сөз соңында Насымжан Оспанова білім  және ғылым министрлігінің жұмысы мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға және кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.