06.04.2022 _ 11:50

Қазақстанда дуальді оқытуды енгізу жалғасуда

Қазіргі уақытта дуальді оқыту 6 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен 536 колледжде енгізілді, 67 мың студент қамтылды. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Қазақстанда дуальді оқытуды енгізу жалғасуда

Дуальды оқытуды дамыту үшін мынадай шаралар қабылданды: кәсіпорындарды ынталандыру үшін өндірістен тәлімгерлерге еңбекақы төленеді, дуальды оқыту кезінде практикадан өту мерзімі студенттің еңбек өтіліне есептеледі. 


ҚР БҒМ  Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ернат Жүнісовтың мәліметінше, былтыр 11 мыңнан астам студент дуальді оқыту бойынша колледждерді бітірді, олардың 68% жұмыспен қамтылып, барлығына еңбек өтілі көрсетілді.