06.04.2022 _ 14:20

Егіс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі бірнеше рет облыс әкімдіктерімен кеңестер өткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.


«Соның ішінде, Мемлекет басшысының көктемгі егісті өткізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дайындығын қайта тексеру қажеттілігі туралы тапсырмасынан кейін өңірлермен фермерлердің тікелей қатысуымен кеңес өткізілді. Әрине, проблемалар бар, ең алдымен әлемдегі оқиғаларға байланысты. Сонымен қатар, әкімдіктер мен фермерлер егіс науқанын өткізуге дайындығын растады. Мен оңтүстік өңірлерге барып, көктемгі егіс жұмыстарын өзім қарап шықтым. Егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды, оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыстар әкімдерінің орынбасарлары енгізілді», - деді ведомство басшысы.