07.04.2022 _ 09:40

Суицид туралы мәселелерді БАҚ-та жауапты жариялау мәселесі өте маңызды

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның, жұртшылықтың алдындағы міндеттемесі зор. БАҚ-ты төртінші билік тармағы деп жай атамайды. Сондықтан суицид туралы ақпаратты берген кезде БАҚ-тың оны қалай ұсынғаны, оның тәуекелдері, салдары қандай болуы мүмкін екендігін жан-жақты саралануы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский мәлімдеді.


«Біз Одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының үкіметіне арнайы есебімізді ұсыныстармен әзірлеген болатынбыз. Сондай-ақ Украинадағы мәселе талқыланды. Бүгінде Украинада өзекті өртейтін осындай мәселелер болып жатқанын көріп отырмыз, ал Ресей адам құқығын бұзуда. Мұның бәрі көз алдымызда болып жатыр. Өте өкінішті, бұл тақырып та біз үшін өте маңызды, өйткені қаншама бала, жасөспірімдер соғыстың зұлматын көріп отыр, бұл соғыс тоқтамаса, оның апатты салдары көп болады», - деді спикер.