07.04.2022 _ 10:00

ДДСҰ-ға мүше мемлекеттер өзіне-өзі қол жұмсау деңгейін үштен бірге төмендетудің жаһандық мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыс істеу міндеттемесін алды

Қазіргі уақытта суицид мәселесі туралы жаһандық және өңірлік деңгейде жүргізілген әртүрлі жарияланымдар, зерттеулер көп. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Суицидтің алдын алу - жаһандық императив» деп аталатын суицид туралы дүниежүзілік есебі қатысушы елдер үшін маңызды құрал болып табылады. Бұл өз-өзіне қол жұмсаудың маңыздылығы туралы хабардар болуды одан әрі арттыру әрекеті. Бұл үкімет үшін басымдыққа айналуға тиіс. Бұл туралы ДДСҰ ресми өкілі - ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік басшысы, доктор Каролин Кларинваль Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл есеп елдерді қолдауға және ынталандыруға, арнайы стратегияларды әзірлеуге, көп секторлы тәсілді қолдануға бағытталған. 


«Себебі денсаулық сақтау - мұндай қайғылы оқиғаларды анықтайтын, қолдайтын және алдын алатын жалғыз сала емес. Басқа салада 2008 жылы ДДСҰ нақты дәлелдерге негізделген психикалық денсаулық сақтау саласындағы олқылықтарды жою бағдарламасын іске қосты. Сондай-ақ жаһандық деңгейде ДДСҰ-ның 2013-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бар, онда ДДСҰ-ға мүше мемлекеттер елдерде суицид деңгейін үштен бірге төмендетудің жаһандық мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыс істеуге міндеттеме алды. Біздің жаһандық деңгейдегі міндеттемелеріміз бар, барлық мүше елдер өздерінің жергілікті деңгейлерінде, сондай-ақ ДДСҰ Еуропалық бағдарлама шеңберінде еуропалық деңгейде міндеттемелерге ие. Мен берген барлық осы нұсқаулықтар мен бағдарламалардың тізімі денсаулық сақтаудың жаһандық күн тәртібіндегі тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Суицид және психикалық денсаулық ел стратегияларының тізімінде бірінші орында. Бұл журналистер мен БАҚ дұрыс қалыптастыруы тиіс маңызды жолдау», - деп атап өтті спикер.