08.04.2022 _ 10:20

«Берекелі бастама-қалалық бастама» бағдарламасына Павлодар қаласы қосылады

Бүгінгі күні «Берекелі бастама» бастамасының сайтында Ақтау және Атырау қалаларын дамыту бағдарламасының хабарландыруы және тұсаукесері жарияланды. Қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, тұрғындардан ұсыныстар жиналуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев хабарлады.
Иллюстративное фото с сайта kaztag.kz

«Ақтау қаласы бойынша 52, Атырау қаласы бойынша 45 ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстарды жинау 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталды. Келешекте Қазақстанның Павлодар, Шымкент, Тараз, Сәтбаев сияқты қалаларын қамтуды жоспарлап отырғандықтан, жобаға қосылатын келесі қала ретінде Павлодар таңдалды. 8 сәуірден 8 маусымға дейін ұсыныстарды жинап, одан кейін 11 маусымнан дауыс беруді бастап, жобаны іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен және жеңіп шыққан жобаларды жүзеге асыру қолға алынады», - деді ИИДМ өкілі.