08.04.2022 _ 10:40

«Берекелі бастама»: бір алаңда түрлі тақырыптар, проблемалар мен мәселелер бойынша идеялар орналастырылады

Қалалықтардың шешім қабылдау процесіне қатысуының маңыздылығын сезіне отырып, және азаматтардың қалаларды дамытуға тартылуын арттыру мақсатында Q88 урбанистер қауымдастығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және BTS Digital-мен бірлесіп «Берекелі бастама» жобасын іске қосты. Жоба онлайн-платформа болып табылады, онда тұрғындар қалалардың инфрақұрылымын жақсарту идеяларын ұсына алады және азаматтардың ең өзекті бастамаларына дауыс береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукенов мәлім етті.

«Тұрғындар өз қалаларын жақсартады деп санайтын кез-келген идеяны ұсына алады: саябақты абаттандыру, алаң салу, қоғамдық кеңістік ұйымдастыру немесе халықтың аз қозғалатын топтарына жағдай жасау. Бұл қалай жұмыс істейді? Бір алаңда әр түрлі тақырыптар, проблемалар мен мәселелер бойынша идеялар орналастырылады. Барлық өтінімдер жиналғаннан кейін дауыс беру жарияланады. Бұдан әрі, ең көп дауыс жинаған жобалар іске асыруға жіберіледі. Ең бастысы «Берекелі бастама» қала тұрғындарына қала ортасын жақсарту бойынша өз идеяларын ұсына отырып, қала өміріне қатысуға мүмкіндік береді», – деді спикер.