08.04.2022 _ 10:50

Экология мәселелеріне басымдық беріледі. Атырау мен Ақтау тұрғындарынан қалаларды жақсарту бойынша 98 ұсыныс келіп түсті

27 қаңтар мен 1 сәуір аралығында «Берекелі бастауа – қалалық бастама» платформасында Ақтау және Атырау қалаларының тұрғындарынан ұсыныстар жиналды. Барлығы 98 жобалық ұсыныс келіп түсті. Ақтау қаласы бойынша 53 ұсыныс және Атырау қаласы бойынша 45 ұсыныс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде Q88Қазақстанның урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукенов мәлім етті.
Экология мәселелеріне басымдық беріледі. Атырау мен Ақтау тұрғындарынан қалаларды жақсарту бойынша 98 ұсыныс келіп түсті


Қала тұрғындары үшін экологияны сақтау маңызды. Бұл бағыттағы бірнеше жоба болды. 


«Мысалы, Атырау қаласы тұрғындарының бірі жер астындағы қоқысты жинау және уақытша сақтау шешімін ұсынды. Жер асты қоқыс жинау жүйесі аумақтың эстетикалық көрінісін қамтамасыз етуге, шашылған қоқыстан арылуға мүмкіндік береді және жер асты көтерме платформасының конструкциясы шамамен 7 тонна орналастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Биогаз өндіру және аралас өндірістерді дамыту арқылы кәріз ағындарын қайта өңдеу» жобасы ұсынылды. Біз урбанистикадағы тәсілдер маңызды екенін атап өтеміз, бұл көлік, экология ғана емес, әлеуметтану мәселелер де. Сондай-ақ, Атырау мен Ақтау қаласының тұрғындарын толғандыратын мәселелердің ішінде су бұру, ТКШ, қала көшелерін жаңғырту және инновация, балалар алаңдарын, креативті кластерлерді құру бойынша ұсыныстар, олимпиадалық резервтегі БЖСМ құрылысы мәселелері бар екенін атап өтуге болады», - деді спикер.

 
 4 мамырға дейін жобалық ұсыныстарға дауыс беру жүргізіледі.