08.04.2022 _ 11:00

8 маусымға дейін Павлодар қаласын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданады

Ақтау мен Атырау тұрғындары урбанистер мен ИИДМ «Берекелі бастау – қалалық бастамаға» белсенді қатысты. Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Әукеновтың айтуынша, соңғы айда платформаға екі қаладан 11 мың бірегей пайдаланушы кірген. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.


«Талқылау барысында жобалық ұсыныстарға сарапшылардан 151 пікір түсті, Ақтау бойынша - 89 және Атырау бойынша - 62. Ұсыныстар қаланы дамытудың түрлі мәселелеріне қатысты болды: қаладағы жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту; балалар мен спорт алаңдарын жөндеу; қоғамдық орындарды абаттандыру. Бүгін Павлодар қаласы бойынша ұсыныстар жинау басталғаны туралы жариялаймыз. Жобалық ұсыныстар 2022 жылғы 8 сәуірден 8 маусымға дейін қабылданады. Дауыс беру жобалық ұсыныстарды жинау аяқталғаннан кейін басталады», - деп атап өтті спикер осы платформада идеялар мен ұсыныстар алмасуға шақыра отырып!