08.04.2022 _ 11:30

Н. Мундаханова: халықпен келісе отырып, дизайн-кодтар аясында түстер палитрасын таңдау маңызды

Шын мәнінде, қалалық орта тек балалар алаңдарынан, көше құрылымдарынан, алаңдар мен скверлерден ғана қалыптаспайды. Сонымен қатар, қаланың эстетикалық келбетін қалыптастырудың ажырамас факторларының бірі - оның қасбеттерінің жағдайы. Әдетте, елімізде қалаларда, тіпті оның тарихи орталығында, қасбеттер ғимараттардың бүкіл сәулеттік келбетін бұзатын орынсыз, кейде әр түрлі белгілерге толы болады. Сондай-ақ, қасбеттер элементтерінің бақылаусыз өзгеру тенденциясы байқалады, мысалы, балкондарды жылыту, оның әйнектерін ауыстыру. Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығының мүшесі, Satbayev University жобалық кеңсесінің менеджері, «АРХБЮРО TAL» директоры Назерке Мундаханова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде «бақыланбайтын» жағдайға қалай әсер етуге болатыны жайлы айтып берді.
Н. Мундаханова: халықпен келісе отырып, дизайн-кодтар аясында түстер палитрасын таңдау маңызды

«Дизайн-кодтың көмегімен маңдайша жазулардың қай жерде және қандай түрде орнатылатынын анықтауға, сәулет ансамблінің түрін, ғимараттың сәулеттік келбетін анықтауға болады. Дизайн-кодтар шеңберінде түстер палитрасын таңдау қалалардың тарихи мұрасы шеңберінде ғана емес, сондай-ақ оны онда тұратын халықпен келісу өте маңызды. Осы арқылы біз сыртқы сәулеттік келбетті айқындаймыз, әрине, қасбеттер мен ғимараттардың барлық техникалық жағдайларын ескереміз. Бұл үрдістерде дизайн кодты қолдану маңызды. Егер қалаларды дамытудың урбандалуында қандай да бір әдістерді енгізудің тиімділігі туралы айтатын болсақ, бізде екі буллет бар: қалалық кеңістіктерді дамыту және азаматтардың мобильділігі. Біз эстетикалық қабылдау, қоғамдық кеңістікті қайта құру, қоғамдық көлікті трансформациялау есебінен экономикалық тұрақты қалалар құрамыз, бұл экологияға, кәсіпорындардың дамуына, экономикалық қызметтердің дамуына, абаттандыру орындарындағы бағалардың өсуіне және де клиентке бағдарлануға тиімді әсер етеді. Урбанистика тәсілдері студенттерді оқыту және тарту тұрғысынан да өте маңызды. Павлодарда ғана емес, барлық қалаларды дамыту аясында біз өз қалаларымыздың нақты жобаларында практикалық тәжірибе ала алатын құнды кадрлар жасай аламыз», - деді спикер.