08.04.2022 _ 11:40

«Десента» ҚҚ: зерттеуге қатысқан павлодарлықтардың 64%-ы қаланы бірлесіп басқару процесіне қатысу сапасына қанағаттанбады

2020 жылы «Десента» қоғамдық қоры «Қала тұрғындарының көзімен» атты зерттеу жүргізді. Мақсаты Павлодар қаласының қалалық ортасын зерттеу, павлодарлықтардың қалалық ортаны субъективті қабылдауын талдау болды. Зерттеу нәтижелері бойынша сұралғандардың 64%-ы қаланы бірлесіп басқару процесіне қатысу сапасына қанағаттанбаған. Негізгі проблемалар: абаттандырылмаған аулалар, коммуналдық қызметтер сапасының төмендігі, ағаштарды кесу, спорттық, балалар алаңдарының болмауы. Бұл туралы Қоғамдық қордың жобалау менеджері Юлия Айдаргазина айтты.


«Бұл ретте Павлодар қаласы туралы айтып отырғанымызды атап өткім келеді, бірақ менің ойымша, бұл проблемалар бүгінгі күні Павлодарда ғана өзекті емес. Ашық қоғамдық кеңістіктер үшін, қалалықтардың пікірінше, қоғамдық дәретханалар, көлеңкелі баспаналар, күркелер және жасыл желектер сияқты қарапайым заттар жетіспейді. 2021 жылы «Азаматтардың шетелдер мен ҚР қалаларын абаттандыруға қатысу мүмкіндігіне салыстырмалы талдау» зерттеуі жүргізілді. Осы зерттеу аясында 10 шет елдің НҚА және ҚР НҚА халықты ашық қоғамдық кеңістікті абаттандыру үдерістеріне тарту аспектісінде талданды. Бірақ бұл жобаның қолданбалы әсері және негізгі нәтижесі «Қазақстан Республикасындағы ашық қоғамдық кеңістіктер процестеріне халықты тарту жөніндегі нұсқаулықты» әзірлеу болып табылады. Бірлесіп жобалауды жүзеге асыру бәріне де жақсы. Себебі бұл әдісті қолдану арқылы абаттандыру жобаларының тиімділігі артады, қарым-қатынас тек бір реттік сипатта ғана емес, қатынастардың дәйекті және толыққанды циклі болған кезде қала тұрғындарымен тұрақты өзара іс-қимыл қалыптасады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейді, абаттандыру жобаларының ашықтығы артады. Бизнес үшін активтердің құнын арттыру, ұсынылатын қызметтерге сұраныс, басқа бизнеспен бірлескен жобаларды дамыту перспективалары артықшылық болатыны сөзсіз. Тұрғындар үшін - бұл күн сайын пайдаланатын кеңістіктерге қатысты қалалық мәселелердің шешілуі. Бұл өз бастамаларын жүзеге асыру, қоғамдастықты нығайту, командада жұмыс істеу, жаңа инфрақұрылым, сауаттылық деңгейін арттыру, қалалық жоспарлауды абаттандыру мәселелері», - деді қоғам өкілі.