11.04.2022 _ 11:50

Тапшылық болмайды. Бидай мен ұн экспортының квоталары белгіленді

1 млн тонна бидай, 300 мың тонна ұн. Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия экспортқа арналған квотаның осындай көлемін белгіледі. Шешім 1 сәуірде қабылданып, 15 сәуірден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, экспортқа қойылған шектеу маусымның ортасына дейін жарамды болады.  


Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл шара ішкі нарықта тапшылықтың туындауына және ұн тарту кәсіпорындарына түсетін жүктеменің артуына жол бермеу мақсатында қабылданды.