«7 сәуірдегі жағдай бойынша ұн қоры 118 мың тоннаны құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 10 мың тонна, «айналым схемасы» шеңберінде 22 мың тонна, өндірушілерде 48 мың тонна, қоймаларда шамамен 20 мың тонна, сауда объектілерінде 18 мың тонна. Көрсетілген көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының ресурстарында 800 мың тоннадан астам астық бар, олар қажет болған жағдайда жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа жіберілетін болады», - деп сендірді спикер.