11.04.2022 _ 12:30

Н.Хатепова: диірмендер транспорттық және логистикалық негіздемелер бойынша ғана Ресейдің бидайын өңдеп келді

Қазақстанда қанша диірмен ресейлік астықты пайдаланып келді? Бағадан бөлек оны өңдеуге тағы қандай кедергілер бар? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. Оған ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова жауап берді.
Иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz

«Қазақстанда 240 жуық ұн тартатын кәсіпорын бар. Соның ішінде 170-сі жұмыс істеп тұр. Жалпы, ішкі нарықта Ресей бидайын тұтынып, өңдеп жүрген диірмендер негізінен шекаралас аймақтарда орналасқан. Атап айтқанда, СҚО, БҚО, Павлодар облысындағы диірмендер. Мұның да өз себептері бар. Ішкі нарықта солтүстіктен батысқа бидай тасымалдау шығындарының немесе Ресейден әкелу шығындарының арасындағы айырмашылық өте үлкен. Аталған өңірлерде шамамен 45-50 жуық ұн тартатын ксіпорын бар. Солардың жартысына жуығы ресейлік өніммен жұмыс істеді. Қазіргі кезде Ресейде қойылған қойылған шектеуге байланысты ұн тарту кәсіпорындары ішкі нарықтан бидай сатып алуға мәжбүр болып отыр. Олар алдағы уақытта тоқтап қалмайды. Өтінім берген жағдайда, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арзандатылған бидайды өңірлерге апарып, тартып, жекелеген облысқа қажетті көлемде ұн өндіруге қауқарлы. Бағадан басқа кедергі жоқ. Біздің диірмендер транспорттық және логистикалық негіздемелер бойынша ғана Ресейдің бидайын осы кезге дейін тартып отырды», - деді спикер.