11.04.2022 _ 13:40

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлайды. Аталған істерді тергеп-тексеру нәтижелерімен олардың мән-жайлары және қатысты адамдар тергеумен анықталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан

 
«Арнайы прокурорлармен жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды. Олардың ішінде ең белсенділері Жұмагелдиев («Дикий Арман»), «Қазақстандықтар» және «Айшуақ - Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 «қылмыс авторитеті». Бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда», - деді спикер.