11.04.2022 _ 14:20

Адамдардың қаза болу мән-жайларын анықтауда жұмыстар жалғасуда

Адам өлімінің барлық фактілері бойынша қылмыстық қудалау органы мұқият тергеу жүргізуде, болған оқиғаның мән-жайлары күн сайын анықталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.


5 қаңтарда Атырау облысында қылмыскерлер полиция қызметкерлері мен әскерилерге қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы әкімдік ғимаратын қиратты. Полиция қызметкерлерінің көпшілігі ауыр дене жарақаттарын алса да, соңына дейін қаруды қолданған жоқ. Бірнеше рет ауаға атып, адам өміріне қауіп төнген соң полиция қызметкерлері қаруды қолданды. Нәтижесінде бір шабуылдаушы қаза болды.