12.04.2022 _ 12:10

Ұлттық жоба бойынша 2025 жылы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 1%-ға жеткізу жоспарланған

ДДСҰ бойынша академиялық кеңестің пайымдауынша, ғылым саласына бөлінетін қаржы ЖІӨ 1,5%-нан асқанда ғана қандай да бір мемлекетте ғылым саласында жетістік болады. елімізде ғылымды қаржыландыру қаншаға артты? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды.
Ұлттық жоба бойынша 2025 жылы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 1%-ға жеткізу жоспарланған


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, әлемдік тәжірибеде мұндай қағида бар. Ірі мемлекеттер ғылымға ЖІӨ-нің 4,5% көлемінде қаражат бөледі.  


«2019 жылы елімізде ғылымға бағытталған ең төмен қаражат көлемі 0,12% құрады. Бұл төмен көрсеткіш. Бірақ бұл мемлекеттің ғана кінәсі емес. Әлемде ғылымның 2/3 бөлігін мемлекет емес, үлкен компаниялар, бизнес қаржыландырады. Мысалы, Пфайзер – мемлекеттік компания емес. Вакцина шығарған басқа ірі компаниялар да көбінесе мемлекеттік емес қаражатты пайдаланады. Мемлекет көбінесе ірргелі ғылыми зерттеулерді ғана қаржыландырады. Өйткені, ол зерттеулерді коммерциаландыру мүмкіндігі жоқ. Былтыр Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,13% құрады. Біртіндеп бұл сома артып келеді. Ұлттық жоба бойынша 2025 жылы ғылымды қаржыландыру 1%-ға, 1 трлн теңгеге жуықтайды деп жоспарланған. Ал биыл қаржыландыру бұрынғы көлемдермен салыстырғанда 70% өсті. Ғылымға қатысты қаражат БҒМ-ға ғана емес, басқа 9 министрлікке де бөлінеді. Нәтижесінде БҒМ тарапынан 1160 гранттық жоба, оның ішінде 315 жас ғалым жобасы және 59 нақты бағдарлама қаржыландырылуда», - деді спикер.