12.04.2022 _ 12:30

30-дан астам қазақстандық ғалым 340 млн теңгеге жуық авторлық сыйақы алады - БҒМ

Кез келген ғылыми қызметтің маңызды нәтижелерінің бірі - бұл нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге, аумақтарды дамытуға, әрбір Қазақстанның өміріне оң әсер ету. Осыған байланысты ҚР Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелері коммерцияландырылатын 151 жоба қаржыландырылады. Бүгінде 120-дан астам жоба сату кезеңіне шықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева хабарлады.
30-дан астам қазақстандық ғалым 340 млн теңгеге жуық авторлық сыйақы алады - БҒМ

«Инновациялық өнімді сатудан түскен жалпы табыс 16 млрд теңгені құрады. 5,2 млрд теңге -төленген салық көлемі. 1400-ден астам жұмыс орны құрылды. Жобаларды жеке қаржыландыру өкінішке орай, әзірге, 18% шамасында. Бірақ 350 млн теңгеге ғылымды қажетсінетін қазақстандық өнім экспортталды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, 30-дан астам ғалымымыз 340 млн теңгеге авторлық өтем алады, яғни өз әзірлемелерінен royalty. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін нақты ғылыми жобалардың барлық нәтижелері ұсынылған көрмені тамашалауға шақырамын», - деп атап өтті спикер.  


Көрме ғылымды коммерцияландыру форумы, «Жаңа Қазақстан - қуатты ғылым» ғалымдар форумы аясында өтеді.