12.04.2022 _ 13:40

88 ЖКО жаяу жүргіншілердің кінәсінен болды: 22 адам қаза тапты, 69-ы жарақат алды

ЖКО-да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Жаяу жүргінші болу өте жауапты. Жолдағы қауіпсіздік жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де байланысты. Екі жақта да тәуекелдер бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов хабарлады.
Иллюстративное фото с сайта bb30.ru


«Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 88 ЖКО орын алды, онда 22 адам қаза тапты, 69-ы жарақат алды. Елді мекендерде барлық ЖКО-ның 72%-ы немесе 1 860 ЖКО болды. Бұл қаза болғандардың 31%-ы және зардап шеккендердің 64%. Назар аударғым келетін тағы бір мәселе – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары. Өкінішке оарй, балалардың қатысуымен 465 ЖКО-ға жол берілді, онда 33 бала қаза тауып, 592 адам жарақат алды. Әдетте, балалар ауыр жарақат алады. Көбінесе жол ережесін білмеу немесе оларды елемеу салдарынан жол  жүріс бөлігінде ойнайтын, белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтетін, көлік құралдарына отыруды және олардан түсуді және т. б. дұрыс орындамайтын балалар жол-көлік оқиғаларына кінәлі болады. Қайғылы оқиға 4 сәуірде Қызылорда облысында орын алды, бала велосипедпен жолға шығып кеткен, оқиға салдарынан көз жұмды. Елордада жолға жүгіріп шыққан баланы көлік қағып кеткен. Тек полицейлер ғана емес, бұл мәселеге бәріміз де назар аударып, балаларды тәрбиелеп, үйретуіміз керек», - деді полковник.