13.04.2022 _ 10:05

ІІМ: былтыр 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды, оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық комункиациялар қызметі алаңында Қазақстандағы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Оның айтуынша, екі күн бұрын Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі болып өтті, онда министр Марат Ахметжанов алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөлді.   

«Өткен жылы ел бойынша 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды, оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар, онда 3 мыңнан астам жәбірленуші бар.  
Тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылдары қылмыскерлердің қызметі экономикалық белсенділіктің жоғарылауымен, сондай-ақ халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен байланысты. Сұраныс ұсынысты тудырады», - деді ведомство өкілі.