13.04.2022 _ 10:10

Қаржы пирамидалары өзін үстеме инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді

Қаржы пирамидалары өздерінің жарнамалық кампанияларында «инновациялық жоба», «тиімділігі жоғары бизнес», «бірегей», «аса тиімді», «табыстылыққа кепілдік береміз» және т.б. сөздерді қолданады. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар  Әділов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

«Алаяқтар заңды микроқаржылық ұйымдармен, букмекерлік кеңселермен, тұтыну кооперативтерімен және жабық инвестициялық пай қорлары болып жасырына алады. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсына отырып, белсенді жұмыс жүргізуде. Олар танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады», - деді спикер. 


Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп аталған компаниялардың қызметіне тосқауыл қойды.