13.04.2022 _ 10:20

Халықаралық ынтымақтастық: «Teletrade D. J. Limited» компанисының шетелдегі шоттары мен активтері анықталды

Қаржы пирамидаларының бір ерекшелігі - олардың көбінің басшылары мен жасаушылары шетелде тұрады және шет мемлекеттердің азаматтары болып табылады. Сондықтан Қазақстанның ІІМ шетелдік әріптестерімен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

«ІІМ халықаралық байланыс арналары арқылы конвенцияларда көзделген тәртіп шеңберінде күдіктілердің тұрған жері анықталады, олардың активтері мен шетелдегі шоттарының, қылмыстық әрекеттер жасау нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде «Teletrade D. J. Limited» басшылығына қатысты қылмыстық істі мысал етіп келтіріп өтейін, тергеу аясында басқа мемлекеттердегі (Армения, Латвия, Литва, Ресей Федерациясы және т.б.) шетелдік банктерде осы компанияның 700 мың АҚШ долларынан және 130 мың евродан астам ақша қаражаты бар банктік шоттарының бар екені анықталды. Сондай-ақ, Түркиядағы қонақ үй және 3 пәтер түріндегі активтері табылды. Іс сотқа жіберілді», - деді полковник.