13.04.2022 _ 10:35

«Gold Company LTD» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Gold Company LTD» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеу барысына тоқталды. Оның айтуынша, қылмыстық топ құрамында Қазақстан мен Ресей азаматтары болған.

«Олар азаматтарға интернеттегі ойдан шығарылған инвестициялық жобалардан жоғары пайда табуға уәде беріп, 9 млрд теңгеден астам қаражатты иемденген. Кінәлілердің қылмыстық әрекеттерімен 4 мыңнан астам азаматқа залал келтірілді. Аталған қаржы пирамидасының қызметіне Ақтөбе облысының полиция департаменті тосқауыл қойды. Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда», - деп түйіндеді спикер.