14.04.2022 _ 12:20

Әділет министрлігі екі конституциялық заңды жасау бойынша жұмысты бастап кетті

Конституцияға енгізілетін түзетулерді іске асыру үшін 3 жаңа конституциялық заңның жобаларын әзірлеу қажет. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы»; «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы»; «Прокуратура туралы». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.
Әділет министрлігі екі конституциялық заңды жасау бойынша жұмысты бастап кетті

«Бұл Конституциялық Заңдар аталған органдардың құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыру мәселелерін қамтитын болады. Алғашқы екі Заң жобасының әзірлеуші органы Әділет министрлігі болып табылады, ал «Прокуратура туралы» Конституциялық Заң жобасын Бас прокуратура Әділет министрлігімен бірлесіп әзірлейді», - деді Қ.Мусин. 


Аталған Заң жобаларын ағымдағы жылдың тамызына дейін, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін Парламенттің қарауына енгізу жоспарланған.