14.04.2022 _ 14:00

Елімізде барлық онкологиялық орталықтарда ахуалдық орталықтар құрылды

Елордалық емханаларда ерлер мен әйелдерге арналған 72 алдын ала қарап, тексеру кабинеттері ашылды. Одан әрі тұрғындар жанұялық немесе учаскелік дәрігерге барады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медицина орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қаласының бас онкологы Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, егер обырға күдік болса, тұрғындар үш күннің ішінде онколог маманға барып, қажетті тексерулерден өтіп, көп салалы медицина орталығының онкология орталығына жіберіледі. 30 күннен кейін адам емін бастап кетеді. Онкологиялық сыртқаттарға жаңадан қабылданған стандарттар бойынша көмек көрсетіледі

«Орталықта құрылған ахуалдық орталық емханалардағы ақпараттық жүйемен біріктірілген.  Сол арқылы біз неше адамның тексеруден өткенін, егер науқасқа «онко 1», «онко 2», «онко 3» деген белгі қойылса, оның қанша уақыт тексерілгенін онлайн режимде көріп отырамыз. Ахуалдық орталықтар еліміздегі барлық онкологиялық орталықтарда бар. Ақпараттық жүйе арқылы біз науақастардың, күдікті диагнозы бар адамдардың тексерілуін қарап отырамыз. Біздің орталықта жыл сайын 10 мыңға жуық адамды емдеу, 3 мыңға жуық адамға күрделі хирургиялық оталар жасау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 8 мыңнан артық адам дәрі-дәрмекпен емделеді, шамамен мың адам жоғары мамандандырылған сәулелі ем қабылдай алады», - деді маман Орталық коммункиациялар қызметі алаңында өткен брифингте. 


Сондай-ақ, қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін емханаларда, дәрігерлер, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Дәрігерлер мен мейірбикелерге қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін байқап, анықтау туралы дәріс оқылады. БАҚ, газет журналдар арқылы обырдың белгілері туралы халыққа ақпарат беріледі.