14.04.2022 _ 14:10

Елімізде скринингтік тексерудің үш түрі бар

Қазақстанда маммологиялық, поктологиялық және гинекологиялық скрининг қана бар. Бұдан басқа түрлерін енгізу жоспарда бар ма? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында модератордың осы сұрағын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медицина орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қаласының бас онкологы Мұхтар Төлеутаев жауап берді.

«2018 жылға дейін елімізде скринингтің 6 түрі болған. Қазіргі сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалды обыр, өңеш пен асқазан қатерлі ісігі, бауыр обыры және қуық асты безі қатерлі ісігіне скринингтер жүргізілген. Одан кейін министрліктің сұрауы бойынша ДДСҰ сарапшылары келіп, сараптама жасады. Жалпы, скрининг дегеніміз - ауру белгі бермей тұрған сәтте диагноз қою. Оған мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінеді. Осыған орай, ДДСҰ сапалылығына, күрделілігіне, қайтарымдылығына қарап, көбіне аурушаңдық, өлім-жітім көрсеткіштеріне көп әсер ететін скринингтерді ғана қалдыруға ұсыныс жасады. Сондықтан, сүт безі, жатыр мойны ісігі және тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі скринингі ғана қалды», - деді спикер.  


Ал скринингтің қалған түрлері профилактикалық тексерулерге енгізілді.