14.04.2022 _ 14:40

Д. Қайдарова: Қазақстанда онкологиялық науқастар тегін емделеді

2019 жылдан бері онкологиялық ауруға шалдықты деп күдік келтірілген науқас үшін КТ, МРТ және ПЭТ зерттеулері тегін жасалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚазҒЗИ онкология және радиология басқармасының төрайымы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, еліміздің онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарова басқа да жағдайларға тоқталды.
Д. Қайдарова: Қазақстанда онкологиялық науқастар тегін емделеді

«Қазақстанда онкологиялық науқастар үшін емдеу толығымен тегін. Толық хирургиялық ем, сәулелік терапия, химиотерапия, мақсатты терапия, тіпті иммунотерапияны қамтиды. Бүгінде жылына бюджеттен 66 млрд теңгеден астам қаражат науқастарды емдеуге жұмсалады. Кезекте 194 мың пациент тұр. Обыры енді ғана анықталған науқастар ғана емес, сонымен қатар аурудың қайталанған немесе өршіген науқастар да емделеді. Яғни, мұның бәрін мемлекет толығымен жабады. Емделушілер мен емханалар үшін арнайы нұсқау әзірленген: емделуші өзі тіркелген емханаға жүгіне алады. Онкологиялық ауруы бар деп күдік келтірілген науқастың қайда баруы керектігі нақты көрсетілген», - деп түсіндірді спикер.