15.04.2022 _ 09:05

Бюрократиядан арылту туралы жарлық: үшінші принцип – басқарушылық жауапкершілік

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы сөз қозғай отырып, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова үшінші қағидат – басқарушылық жауапкершіліктің мәнін ашты.

«Бүгінде лауазымды тұлғалар бюджет қаражатына байланысты құжаттарға қол қоймау үшін кез келген айналып өту жолдарын табады. Бұл жауапкершілікті болдырмау үшін жасалады. Осыған орай, Мемлекет басшысының Жарлығымен басқарушылық жауапкершілік қағидаты енгізіледі. Осы қағидат аясында бірқатар шаралар қарастырылған.  Осылайша, мемлекеттік органдарға өзекті сын-қатерлерге жедел ден қою үшін заңдарға өзгерістер енгізбестен құқықтық актілерді қабылдау құқығы беріледі», - деп түсіндірді спикер.