15.04.2022 _ 11:40

Бас прокурордың орынбасары: әрбір облыстық прокуратурада азаматтарды қабылдау орталықтары жұмыс істейді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев бүгінде әр облыстық прокуратурада азаматтарды қабылдау орталықтары құрылғанын айтты. Қазақстандықтар сол жерден өзіне қажетті кеңес ала алады.
Иллююстративное фото с сайта inform.kz

Қазіргі күнде қадағалау механизмі адам құқықтарын жедел қорғауға мүмкіндік береді.  


«Кейбір аймақтарда біздің орталықтар Жоғарғы соттың татуласу орталықтарымен бір алаңда жұмыс жасауда. Ол жерлерде прокуратура басшылары мен қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Шағымды қолма-қол немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады», - деді Ә. Шыңдалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.