18.04.2022 _ 10:30

Президенттің Жоғары Сот Кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді

Конституцияда белгіленген қолданыстағы тәртіпке сай Президент өзі Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің төрағасын тағайындайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Екінші республика. ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді» брифингі барысында Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.

«Енді Президент Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын Парламент Сенатының депутаттарына беруді ұсынды. Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалады», - деді спикер.