18.04.2022 _ 10:40

Онның 4-уі. Әділет министрі Қазақстанда қандай бастамашыл топтар жаңа партиялар құру жолын жалғастырып жатқанын айтты

2019 жылдан бастап 10 бастамашыл топ саяси партияны тіркеуге құжаттар тапсырды. Олардың үшеуі бірінші кезеңнен өтті: олардан хабарламалар қабылданды және хабарламалардың қабылданғаны туралы растау берді. Екі топ алты айға дейін жарамды болатын растауды алғаннан кейін партия құру бойынша жұмыстарды одан әрі жүргізбеді, тиісінше, тіркеуге құжаттар берілмеді. Бүгінгі таңда төрт партияның құжаттары қаралуда. Бұл туралы «Екінші республика. ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді» брифингі барысында Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.

«Халық дербестігі» партиясы екінші кезеңнен өтіп, растау хабарламасын алды. Олар съезін өткізді. Заң бойынша, құрылтай съезінен кейін 20 000 кандидаттың тізімі ұсынылуы керек. Тіркеу мерзімі заң бойынша тоқтатылды. Партия мүшелерінің заңға сәйкестігі тексерілуде. Үш партия бойынша - жұмыс бірінші кезең деңгейінде жүріп жатыр, яғни партия құру ниеті туралы хабарланғаннан кейін заңға сәйкес бастамашыл топ мүшелері арасында тексеру жүргізілді, олардың саны кемінде 1000 адам болуы тиіс. ЖСН-ның дұрыс еместігі, тегінің, атының, әкесінің атының сәйкес еместігі анықталды, өкінішке орай, қайтыс болған азаматтар, сондай-ақ басқа партиялардың мүшелері бар екені белгіленді. Заң бойынша, Қазақстан азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады, тиісінше, басқа партияны құруға қатыса алмайды», - деп түсіндірді министр.  


Бірінші кезеңнен «Ел тірегі», «Намыс», «Бәйтерек» партияларын құруға бастамашылар өтуде.