19.04.2022 _ 10:55

Фейк салдары. Сотқа дейінгі 11 тергеу тіркеліп, бір қылмыстық іс сотқа жолданды

Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Бұл ретте ол адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайтынын атап өтті. Сондай-ақ басқа да салдарына тоқталды.  

«Әлеуметтік желілерде «фейктер» деп аталатын, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы ақпарат таратылуда. Әрбір факт жан-жақты тексерілуде. 
Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды. Өз тарапынан прокуратура және құқық қорғау органдары қылмыстардың толық тергелуін, заң нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурстарды пайдалануда», - деп атап өтті полковник. 


Қаңтар оқиғаларының жаңа мәліметтері мен мән-жайлары анықталғанына қарай олар уақтылы жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған мәліметтер таратпау керек.