19.04.2022 _ 11:20

Қарудың 1460 бірлігі мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі алынды

Ұрланған қарудың ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау кезінде қолданыла алатындықтан, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тағы да айтып өтті.
иллюстративное фото с сайта dknews.kz


Оның айтуынша, қаруды өз еркімен тапсыру бойынша қарқынды түсіндіру жұмысы жүргізілді.  

«Нәтижесінде азаматтар қарудың 125 бірлігін тапсырды. Сонымен бірге тек ұрланған қаруды ғана емес, сондай-ақ заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қарудың барлық түрлерін табу мен алып қою бойынша жедел іс-шаралар белсенді жалғасуда. Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі таңда полицейлер қарудың 1460 бірлігі мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, алып қойды. Мысалы, жақында Тараз қаласының тұрғындарынан 6 АКМ автоматы алып қойылды, оның ішінде біреуі гранаталармен ату үшін жабдықталған, бұдан басқа 4 жабдықталған оқжатар, дыбыссыз ату құралымен бар Макаров тапаншасы мен тегіс ұңғылы мылтық алып қойылды, олар Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған. Сондай-ақ ағымдағы жылғы 7 қаңтарда Алматы-Ташкент автожолының бекетінде полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігін тоқтатып, оның ішінде 10 бірлік аңшы мылтығын, бір пневматикалық тапанша және аңшылық керек-жарақтарын тапты. Жамбыл облысы тұрғындары болып табылатын жүргізушінің және оның жолаушыларының Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында аңшы дүкенін тонауға қатысқаны анықталды», - деді спикер.  


Бес күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.