19.04.2022 _ 09:00

Тұрақты дамудың 17 мақсаты

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұрақты даму мақсаттарына толығырақ тоқталып өтті.

Оның айтуынша, 2015 жылға дейін «Мыңжылдықтың даму мақсаттары» деген 8 мақсат болды. Олар негізінен әлеуметтік бағыттағы, қоршаған ортаны қорғауға байланысты мақсаттар болды. Бірақ алдағы уақытта ресурстардың, оның ішінде табиғи, қаржылық және адами ресурстардың шектеулілігін ескере отырып, ғаламдық сын-тәртіпті қабылдау қажеттілігі туындады. Осылайша, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторларды біріктіретін 17 мақсат қабылданды.  

«Олардың ауқымы өте зор. Оның біріншісі, кедейлікті жою болса, 17-шісі әр түрлі деңгейдегі серіктестік болып табылады. Бұл белгілі бір ұйымның ішіндегі серіктестік, өңір ішіндегі, ел ішіндегі немесе елдер арасындағы серіктестік боулы мүмкін. Өйткені, онсыз басқа мақсаттарды жүзеге асыру мүмкін емес. Келесі мақсат - аштықты жою. Бұл жерде азық-түлік мәселесі көбірек қаралады. Үшінші мақсат «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» деп аталады. Төртінші - Сапалы білім беру. Одан кейін «Гендерлік теңдік», «Таза су және санитария», «Таза және арзан энергия көздері», «Лайықты жұмыс орындары мен экономикалық өсім», «Инновация және инфрақұрылым», «Теңсіздікті қысқарту», «Тұрақты қалалар», «Жауапты өндіріс және тұтыну».  13-мақсат – климаттың өзгерісі мен күрес деп аталады. Ал мемлекет климаттың өзгерісімен бір өзі күресе алмайды. Сондықтан серіктестік маңызды. 14-ші мақсат – Теңіздің экожүйесі. Бұл батыс өңірлері үшін маңызды. 15 - Құрлықтың экожүйесі. 16 – «Бейбітшілік және сот төрелігі. Тиімді институттар». Ең соңғысы, 17-мақсат – Серіктестік», - деді спикер.