20.04.2022 _ 07:58

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесуде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, сондай-ақ түрлі салаларда жаңа технологиялар мен инновациялар әзірлеуге баса мән берілді.