21.04.2022 _ 11:50

М. Қожахмет Қоғамдық кеңестер трансформациясы туралы: біз жергілікті биліктің қарсылығын көріп отырмыз

Қоғамдық кеңестер кезекті трансформациядан өтуде. 200-ден астам қоғамдық кеңес өз құрамдарын жаңартты. Биыл белсенді мүшелер қайта сайланды. Бірақ әлі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан белгілі бір қарсылық байқалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мадияр Қожахмет мәлімдеді.

ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының айтуынша, әкімдіктердің өкілдері түрлі тәсілдермен араласып, кеңестердің жұмысына өз күн тәртібін енгізуге тырысады. 


«Мысалы, қоғамдық кеңестердің құрамында мемлекеттік органдар өкілдерінің саны көп: Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында аудандық деңгейде азаматтық қоғам өкілдері ретінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, мектеп, кітапхана директорлары, жергілікті атқарушы органдармен тікелей аффилиирленген әр түрлі ұйымдар кіреді және біздің ойымызша, олар азаматтық қоғамның ұстанымын толық көлемде жеткізе алмайды. Бұл ретте біз олармен белсенді жұмыс жүргіземіз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан жаңа Қазақстан жұмысының жаңа форматтарын негізге ала отырып, қоғамдық кеңестердің, мысалы, Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан облысында, Нұр-Сұлтан қаласында және Екібастұз қаласында айтарлықтай жаңарғанын көріп отырмыз, олардың құрамында 100% қоғам өкілдері. Олар өз үлестерін қосуда және жергілікті атқарушы органдардың қызметін «қатаң» бақылайды, сондай-ақ, бюджет шығыстарын және қоғам үшін басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деді спикер жұмыс қорытындыларымен бөлісе отырып.