22.04.2022 _ 10:10

Елімізде 504 мобильді топ құрылды

Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың тек 43% табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50% астамы адам қызметінің нәтижесі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлім етті.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«ТЖМ жергілікті полиция қызметімен және әкімдіктермен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды. Еліміздің орманды дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін ТЖМ мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерінің ішінен орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің қатарынан мобильді топтары құрылды»,- деді спикер.


Барлығы 2 450 адамнан тұратын 504 топ. Мамыр айы бойы ТЖМ барлық елді мекендерді тексеріп, облыс әкімдіктеріне аудандық және ауылдық әкімдердің өртке қарсы іс-шараларды орындағаны туралы хабарлайды.