22.04.2022 _ 10:30

ТЖМ өкілі: өртке қарсы техникалардың 13% жаңарту қажет

Өртке қарсы техника қандай күйде? Қаншасын жаңарту керек? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов модератордың осы сұрағына жауап берді.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

 Оның мәліметінше, республика бойынша 3381 өртке қарсы техника бар. Олар сыйымдылығына, құтқару аймақтарына, атқаратын жұмысына қарай бөлінеді. 

«Жалпы техникалардың 13% жаңарту қажет. Бұл 70-80 жылдары шығарылған техникалар. Қазір мүмкіндігінше пайдаланып жатырмыз. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен техникалар алуға қаражат бөлініп жатыр. 3-4 жылдан бері өңірлерде техниканы лизингке немесе басқа да бағдарламалармен алу мәселесі шешілуде. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе, Қарағанды облысында және Шымкентте. Биыл 1-кезеңде 60-тан астам техника алынса, екінші кезеңде олардың саны 118-ді құрайды. Жалпы республикалық бюджет есебінен 175-ке жуық техника алу көзделген. ЖАО тарапынан да техникаларды жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар атқарылуда», - деді спикер өз жауабында.