22.04.2022 _ 11:40

Аккредиттелген медициналық ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыруда бірқатар артықшылықтар беріледі

2009 жылы елімізде медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу жүйесі енгізілді. Медицинадағы аккредиттеу - бұл медициналық қызмет көрсетудің тиісті деңгейіне арналған жағдайлардың болуын ресми растау, бәсекеге қабілеттіліктің сақталуының кепілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2012 жылы қазақстандық аккредиттеу стандарттары ISQua денсаулық сақтаудағы қауіпсіздік пен сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкес деп танылды. 


«Қазіргі уақытта ТМККК/МӘМС аясында 900 медициналық қызмет көрсетушінің 420-сы аккредиттелді. Аккредиттеу рәсімінің өзі ерікті болып табылады, бірақ осы стандарттарды сақтау сапаға кепілдік беретіндіктен, біздің саясатымыз медициналық ұйымдардың басым бөлігінің аккредиттелуіне бағытталған. Сондықтан ұлттық аккредиттеуге ынталандыру тетіктері қатар енгізілуде. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруда аккредиттелген медициналық ұйымдар үшін кейбір артықшылықтар бар. Сонымен қатар, тағы 8 медициналық ұйым JSA халықаралық ұйымымен аккредиттелген. Бұл Ұлттық нейрохирургия орталығы, UMC корпоративтік қоры, Президент Іс басқармасының ауруханасы. Олар еліміздің денсаулық сақтау саласының флагманы ғана емес, сонымен қатар медициналық туризмді дамыту үшін тарту нүктесіне айналды», - деп атап өтті спикер.