22.04.2022 _ 11:55

Пациентке бағдарланған медицинаны жақсартуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде

Былтыр еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты жүктемеге төтеп берді. Бұл ретте халыққа медициналық көмек, оның ішінде жоспарлы көмек көрсету тоқтатылмады және штаттық режимде көрсетілді. Жалпы, жаһандық әлемдік өзгерістер аясында отандық медицина да бірнеше сапалы өзгерістерге ұшырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләім Біржанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, пациентке бағдарланған медицинаны жақсартуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде елімізде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 70-тен астам ережесі және барлық салалық қызметтер бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 40-тан астам стандарты қолданылады.  

«Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі БМСК одан әрі дамыту бойынша шараларды көздеп отыр, оларда алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамыту қарастырылған. Бүгінде БМСК жалпы практика дәрігері, медбикелер, әлеуметтік қызметкер мен психологтан тұратын команда, яғни мультидисциплинарлық команда және тәсіл ұйымдастырды. МСАК жұмысының негізгі қағидаты - бұл отбасылық қызмет көрсету қағидаты, аумақтық қолжетімділік. Аталған тәсілдер учаскелік қызметтен бастап мамандандырылған медициналық көмекке дейінгі емдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін медициналық көмектің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.