22.04.2022 _ 12:05

ШҚО-да үш аудандық ауруханада қалалық көпбейінді ауруханалардың технологиялары қолданылады

Көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде медициналық көмек көрсету тәсілдері жетілдірілуде. Шығыс Қазақстан облысы стандарттарды енгізу мен іске асырудың үздік тәжірибесін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова мәлімдеді.
ШҚО-да үш аудандық ауруханада қалалық көпбейінді ауруханалардың технологиялары қолданылады

Үш ауруханада аймақтандырудың екінші - үшінші деңгейлері, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, әлемдік және отандық тәжірибеде қолданылатын жаңа технологиялар енгізілді.

Олардың оң жұмыс тәжірибесін бүгінде СҚО, БҚО, Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарынан келген әріптестер қабылдауда. 


«Триаж жүйесі бойынша жұмыс істейтін, шұғыл медициналық көмек көрсететін қабылдау бөлімшесін ерекше атап өткен жөн. Медициналық қызметкерлер Семей қаласының университеті және Ұлыбритания, Литва, Түркия, Израильдің үздік клиникалары базасында шұғыл көмек көрсетуге толық оқытылған. Соның бірі - эндобейнехирургиялық кешен. Мұнда аз инвазивті араласулар, лапароскопиялық операциялар жасалады. Бұл медициналық ұйым толық компьютерлік томография жабдықтарымен жабдықталған. Травматологияда операциялардың жаңа түрлері аудандық деңгейде жүргізіледі. Бұл қалалық көпбейінді ауруханалар деңгейінде жүргізілетін технологиялар. Шығыс Қазақстан облысында болған әріптестеріміз тәжірибе алуға және өзіндік шеберлік сыныбын өткізуге ниетті», - деді спикер.