24.04.2022 _ 19:13

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бақыт Нұрмұхановпен арнайы сұхбат

Конституция – қоғамдағы әртүрлі мүдделердің теңдігін қамтамасыз ететін, барынша әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған құжат. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Конституциясын өзгерту бойынша жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Нұрмұханов Бақыт Маратұлы мәлімдеді.

«Қазақстан заң жүзінде де, іс жүзінде де өлім жазасы жоқ елге айналады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Конституциялық мәртебесі, оның құзыреті, адам құқықтарын қорғау бағытындағы қолданатын жұмыс істеу жолдары Конституцияда бекітіледі. Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқылы болады», - Нұрмұханов тоқетерін айтты.