25.04.2022 _ 10:15

ИИДМ жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін тұрғын үй төлемдерін тағайындау қағидаларын әзірлеп, бекітті

Тетікті іске асыру мақсатында қағидалар әзірленді. Отбасы банкі тиісті төлемдерді анықтау және қамтамасыз ету үшін цифрлық платформа қалыптастырып, әзірледі. ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында жалға алынған тұрғын үйдің тұрғын үй төлемдерінің жаңа механизмі туралы айтып берді.
ИИДМ жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін тұрғын үй төлемдерін тағайындау қағидаларын әзірлеп, бекітті

«Отбасы банк оператор ретінде кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы өлшемшарты бойынша және кірістерінің бар-жоғын ақпараттық жүйе арқылы тексереді. Тексеру цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады», - деді спикер.


Платформада өтінім электрондық-цифрлық қолтаңба көмегімен беріледі және өтініш берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Өтінішті қабылдау 20 сәуірде тестілік режимде басталды. Субсидияларды мамыр айында тағайындау көзделген.