25.04.2022 _ 10:20

Отбасы банкінен шақыру. 17 мың үміткер жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялауға өтінім беруге шақырумен СМС алды

2022 жылғы 18 сәуірде 70 мың үміткердің 17 мыңы «Отбасы банктен» жалға алуды субсидиялауға өтінім беруге шақырумен СМС алды. Екінші кезеңде - 2022 жылғы 26 сәуірде хабарламалар тағы 23 мың үміткерге жіберілетін болады. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, жалдау шарттары бойынша төлемдерді маусым айынан бастап, республикалық және өңірлік бюджеттерден қаражат түскеннен кейін бастау жоспарланып отыр.

«Қазақстандықтар өтінішті қысқа уақыт ішінде кезекке тұрмай, жолдауы үшін барлық жұмыс онлайн режимге көшірілді. Өтініштер otbasybank.kz порталында «жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жолданады. Өтініштер қабылданатын және өңделетін сандық платформа бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ. Алғашқы өтінімдер жолданған кезде банктің ІТ-мамандар тез арада түзетуді қажет ететін қателіктер болуы мүмкін деп ойладық. Сондықтан алғашқы кезекте банк клиенті болып табылатын үміткерлерден өтініш қабылдай бастадық. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар төрт санат бойынша: 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар; көп балалы отбасылар жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға үміткер бола алатынын тағы да қайталап айтамын», - деп еске салды спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.