25.04.2022 _ 10:30

Отбасы банк алдағы уақытта бірқатар бағдарламаны іске қосады

Мамыр айында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады. Аталған бағдарлама осымен 4-ші жыл жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде бюджетте 51 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.
Отбасы банк алдағы уақытта бірқатар бағдарламаны іске қосады

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 5 мың отбасыға 2% несие беру жоспарланған. Келесі айда «Әскери баспана» бағдарламасы іске қосылады. Жалпы, нарықтағы бағдарламалар бойынша  қаңтар айынан бастап 22 мың несие берілді, халық 240 мың депозит ашты. 4 айдың ішінде 511 млрд теңге қосымша салық төленді», - деді спикер.