25.04.2022 _ 11:45

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Екінші республика идеясын іске асыруға берік құқықтық негіз болады

Конституциялық өзгерістер қабылданған жағдайда мемлекет басшысы жариялаған екінші республика идеясын іске асыруға берік құқықтық негіз қаланады.
ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Екінші республика идеясын іске асыруға берік құқықтық негіз болады

Арнайы жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, саяси құқықтық жүйеде мемлекеттік құрылым институттарының қарым-қатынастары, өзара әрекеттесу тетіктері және халық алдындағы жауапкершілігі артады.

«Жалпы мемлекет басшысының идеяларын іске асыру құқықтық жүйені Ата заңға сәйкес пәрменді дамытуға, азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдері мен елдегі заңдылық режимін нығайтуға, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.