25.04.2022 _ 13:45

Кейбір арыз иелері азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында қолданған – Бас прокуратура

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуына және заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Барлық тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады. Ол бірқатар қызықты деректерге тоқталды. «Тергеу нәтижелері кейбір арыз иелерінің азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында және оған қатысты дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану үшін қолданатынын көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.
Кейбір арыз иелері азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында қолданған – Бас прокуратура

«Мысалы, Жамбыл облысында 5 қаңтарда «Б» есімді азамат адамдар тобымен мемлекеттік объектілерді өртеген, одан кейін Полиция департаментінен «Калашников» автоматын, «Макаров» тапаншасын, 2 аңшылық қаруды және 3 травматикалық тапаншаны жымқырған. Оның бұл қылмыстарға қатыстылығы бейнекамера жазбаларымен, куәлердің жауаптары және істің басқа да материалдарымен расталады. Ұсталғаннан кейін одан полиция қызметкерлері тарапынан азаптаулар жасалғаны туралы арыз түсті. Бұл факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен тәуелсіз адвокаттың қатысуымен тергеп-тексеру жүргізілді. Стамбул хаттамасы сияқты азаптауларға қарсы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес, психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді. Мамандар жәбірленушінің психоэмоционалды жағдайы толық зерттеді, оның нәтижелері бойынша тергеу органдарымен оған қандай-да бір психологиялық қысым көрсетілмеген», - деді спикер. 


Тергеу нәтижесімен қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.