25.04.2022 _ 15:10

Өмірлеріне қол салған. Ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастыруда

Қаңтар оқиғалары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін орындау барысында 58 полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер сүйек сынуы, атыс және пышақ жарақаттары түрінде ауыр жарақат алған. Бүгінгі таңда ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастыруда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар шын мәнінде, шабуылдаушылар өз іс-әрекеттерімен тікелей олардың өміріне қол салған деп мәлімдеді.
Өмірлеріне қол салған. Ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастыруда

«Мысалы, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер барысында содырлардың  қолынан Республика алаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырған Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ауыр жарақат алды. Оны ереуілшілер аяусыз ұрып-соғып, оның мойнына металл арматурамен соққы беріп, мойын омыртқасын зақымдаған, сондай-ақ алған жарақаттардың нәтижесінде екі бүйрегі де істен шықты, оның өмірін күн сайын «жасанды бүйрек» гемодиализбен қамтамасыз етілуде. Аталған полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында және оған білікті медициналық көмек көрсетілуде. Біздің полиция қызметкері өз отбасының жалғыз асыраушысы», - деді спикер.


Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ол әрбір адамды, әсіресе зардап шеккен және қаңтар оқиғаларына қатысты қандай да бір ақпараты бар азаматтарды тыңдауға дайын екенін жеткізді.