«Менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер жобасын дайындау жұмысы кідіріссіз басталды. Ата заңға өзгерістер енгізбей, алға қойылған ауқымды өзгерістерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екені түсінікті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.
«Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси архитектурасын кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында іркіліссіз және тепе-теңдіктің теңдестірілген жүйесін құруға бағытталған», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.