27.04.2022 _ 12:00

Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады – А.Панбаев

Чектерді беру функционалы - бақылау-касса машинасының баламасы. Оның кірістерді фискализациялауы бар жеңілдетілген нұсқасы. Әрине, бұл сервис тауарлардың көптеген атаулары бар сауда объектілері үшін бақылау-касса машиналарын толығымен алмастыра алмайды. Дегенмен, бірнеше түрі сатылатын шағын дүкендер үшін қолданылуы әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

Қазір бұл қызмет жұмыстар мен қызметтер үшін чек қалыптастыруға мүмкіндігін береді, чекті алушыға мысалы, Whatsapp арқылы немесе басқа мессенджерлерді пайдалана отырып жолдауға болады. Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады. 


«МКК Фискалдық деректер операторларының қызметтерін төлеуден босату бойынша өзекті мәселелердің бірі қосымшаны пайдаланушылары үшін шешті. Осылайша, чектерді беру модулін пайдалану кәсіпкерлердің белгілі бір санаттарына кассалық аппараттарды сатып алуға, ұстауға және Фискалдық деректер операторларының қызметтерін төлеуге арналған шығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Панбаев.  
Жалпы, мобильді қосымшаның чектері бойынша деректердің болуы кірістер тіркелімін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазір есеп жүйесі жоқ кәсіпкер оны қолмен жүргізуге мәжбүр.